Экология сарапшысы Мұсағали Дуамбековтың атындағы аллея ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Экология сарапшысы Мұсағали Дуамбековтың атындағы аллея ашылды

11.05.2021

Елордада экология сарапшысы, Халықаралық экология академиясының президенті болған Мұсағали Дуамбековтың атындағы аллея ашылып мемориалдық тақта орнатылды. Танымал қоғам қайраткері ел экологиясына елеулі үлес қосқан жан. Осы салада бірнеше лауазымды қызмет атқарды. Профессор 100-ден астам ғылыми еңбек жазған. Экологиялық тақырыпта біраз кітабы да жарық көрген. Қоғам қайраткері тірі болғанда биыл 61-ге толатын еді. Аллеяның ашылуына марқұмның отбасымен қатар, туған туыстары шәкірттері мен мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты. Жылы естеліктре айтылды, көшеттер отырғызылды. Мемориалдық тақта елордадағы Панфилов көшесі, «Городской Романс» тұрғын үй кешенінің маңында орналасқан.

Раушан Сайлауқызы


Хабарламаларға жазылу