Семейде ұстаздарға көше сыпыртқандарға қатысты тексеру басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде ұстаздарға көше сыпыртқандарға қатысты тексеру басталды

18.10.2021

Семейде мұғалімдерді сенбілікке шығарғандарға қатысты тексеру басталды. Ұстаздар қала әкімі орынбасарының бұйрығынан кейін сабақты тастап, жалпықалалық сенбілікке қатысқан. Алайда Білім бөлімінің басшысы өзі тікелей тапсырма бермегендігін айтып ақталып отыр.

2019 жылы қабылданған «мұғалім мәртебесі» туралы заңда педагогтардың өзіне тән емес фукцияға жұмылдырылуына тыйым салынған еді. Қазір Семейде ұстаздарға көше сыпыртқандар анықталып жатыр.

Білім және ғылым министрі Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне жүгініп, Білім бөлімінің басшысы жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеді.


Хабарламаларға жазылу