Ал еліміздің сыртқы қарызы көбейіп жатыр. Ұлттық банктің мәліметі бойынша Қазақстан сыртқа 166 миллиард 700 миллион доллар берешек. Бұл былтырмен салыстырғанда 4,3 процентке яғни, 6 миллиард 700 миллионға көп. Ал ең көбі Нидерландыға берешекпіз. 44 миллиард доллар. Одан кейін Ұлыбриятания - 23, АҚШ - 13, Франция - 11 және халықаралық ұйымдарға 11 миллиард доллар қарызбыз. Ұлттық банктің хабарлауынша берешектің көп бөлігі жеке ұйымдарға тиесілі. Талап бойынша ол да мемлекеттік қарыз болып саналады.
Досжан Маратұлы