Жанармай тағы қымбаттауы мүмкін. Мұнай газ саласының сарапшылары баға 2025 жылға дейін көтеріліп, Ресейдікімен теңеседі деп болжап отыр. Қазір біздегі жанармай арзанырақ.
Десе де нарық ортақ бола тұра, бағаның мұндай айырмашылығын сақтап тұру мүмкін емес. Жауапты министрлік бензин, дизель секілді отынды экспорттауға шектеу қойып, нарықты реттеуге тырысқанымен нәтиже болмайды дейді сарапшылар. Өйткені кәсіпкерлер жанармайды шетелге шығарудың жолын тауып, қымбатырақ сатуға әуес. Тіпті елдегі бағаны өсіру үшін қолдан тапшылық істейтіндер бар дейді. Мәселен Елордада бекеттерінің біразында көгілдір отын жетіспей жатыр. Тіпті газ бағасы 20-30 теңгеге дейін көтерілген. Ал жұрт көп тұтынатын АИ-92 бензині 175 теңге, дизель 250, кей аймақтарда 330 теңгеге жеткен.
Досжан Маратұлы