Ресейде соңғы 24 сағатта коронавирустан 999 адам қайтыс болды. Сонымен қатар, қауіпті инфекцияны 32200-ге жуық тұрғынның жұқтырғаны белгілі болып отыр. Бұл – пандемияның басынан бергі ең жоғарғы көрсеткіш.
Елдің денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко мәлімдеме жасап, зейнетке шыққан немесе өзін-өзі оқшаулаған дәрігерлерді вакцина алып, жұмысқа оралуға шақырды. Өйткені, Covid-19 эпидемиясын еңсеруге қосымша күш қажет болып отыр.
Кремльге сенсек, елде коронавирус құрбандары санының көбеюіне вакциналау науқанының баяу жүргізілуі себепші.
Арыстан Рысбек