Ауған әйелдері елдің денсаулық сақтау саласында қайта жұмыс істей бастады. Бұл туралы "Талибан" делегациясымен өткен келіссөзден кейін Түркияның сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу мәлімдеді. Қос тараптың дипломаттары Анкарада бас қосып, Ауғанстанда инклюзивті үкімет құру мәселесін талқылаған.
Айта кету керек, тамыздың 15-нен бері Ауғанстанды "Талибан" қозғалысы басқарып келеді. Ал, қыркүйектің басында уақытша үкімет құрамы жасақталды. Дегенмен, министрлер кабинеті құрамына бірде-бір әйел кірмеген еді.