Қызылордада дизель отынының бағасы шарықтап кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада дизель отынының бағасы шарықтап кетті

14.10.2021

Қызылордада дизель отынының бағасы шарықтап барады. Бүгінде аймақтағы жанар-жағармай құю бекеттерінде литрі 235 теңгеге дейін көтерілді.

Мамандар күз айында дизельге сұраныс жоспарлы межеден де жоғары болғанын айтады. Тағы бір себеп, Атыраудағы мұнай өңдеу зауытынан қазір шикізат келіп жатқан жоқ. Көптеген жанармай құю бекеттерінде дизель отыны талонмен берілуде. «БатысЕуропа-БатысҚытай» автодәлізінде бір көлікке 50-100 литрден артық құйылмайды. Ал, жауаптылар болса бағаны қазір нарық реттейді дейді.

Мұрат Тасқараев, кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары: 
Облыс дизель отынының қоры бүгінгі күннің жағдайы бойынша 1411 тоннаны құрайды. 6 күнге жеткілікті. Қазіргі таңда жолда 6 мың тонна дизель отыны жолда келе жатыр. 

Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу