Көкшетауда газ жарылып пәтерлері бүлінген тұрғындар жергілікті биліктен көмек сұрайды. Үйді жөндеуге қолғабыс етсе - дейді олар. Естеріңізге салайық, дүйсенбі күні кешкі сағат 7-ден асқанда, Көктем шағын ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде газ құбырынан ақау шығып, жаорылыс болған еді. Салдарынан 51 жасар әйел жарақатын алып, денесінің 20 пайызын күйік шалды. Ол қазір ауруханада жатыр. Жағдайы қанағаттанарлық. Жарылыстан бүлінген үш пәтердің араларындағы қабырғалар түгел қираған. Терезелер сынған. Оқиғаның себебі анықталуда.
Ермек Елберген