Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың шығу тегін іздейтін жаңа жұмыс тобын құрды. Ұйым өкілдерінің сөзінше, бұл – Covid-19-дың пайда болуын анықтайтын соңғы мүмкіндік тәрізді. Зерттеушілер тобының құрамына 26 сарапшы кірмек.
«Ковид» бір жарым жылдан астам уақыт бұрын Қытайдың Ухань қаласында өрши бастады. Алайда, оның шыққан жері әлі белгісіз.
Жаңа команда қауіпті вирус Ухань базарында жануарлардан адамға тарады немесе абайсызда зертханадан қашып кетті деген болжамдарға жауап табуға тырыспақ. Айта кетсек, Қытай екінші версияны үзілді-кесілді жоққа шығарып келеді.
Арыстан Рысбек