Алматыда жұмыс берушілердің қарызы 831 млн теңгеден асып кеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жұмыс берушілердің қарызы 831 млн теңгеден асып кеткен

14.10.2021

Алматыда жұмыс берушілердің қарызы 831 млн теңгеден асып кеткен. Олар зейнетақы төлемдері, әлеуметтік көмек және міндетті әлеуметтік медициналық мамандар.сақтандыру ақысын төлемеген. Бұл туралы қалалық мемлекеттік кірістер департаменті хабарлады. Олардың сөзінше, мұндай міндеттерді көбіне шағын және орта бизнес өкілдері орындамайды. Ал қарыз сомасының 542 млн теңгесі зейнетақы төлемдеріне тиесілі екен. Енді қарыздар уақытылы өтелмесе, жұмыс беруші банктегі шотын пайдалана алмайды, операциялар тоқтатылады және мекеме басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылады дейді.

Нұрхан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу