Депутаттар шаруалардың несие мерзімін шегеруді сұрады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Депутаттар шаруалардың несие мерзімін шегеруді сұрады

13.10.2021

Мал шаруашылығымен айналысатындардың несиесін бір жылға шегеру керек. Мәжіліс депутаттары бүгін осыны сұрап, үкіметке сауал жолдады. Айтуларынша биыл шаруалар үшін оңай болған жоқ. Аптап ыстықтың кесірінен жер-жерде құрғақшылық болғаны белгілі. Сол үшін қазір жем-шөптің бағасы аспандап тұр. Өткен жылмен салыстырғанда орташа есеппен 60-90%-ға көтерілген. Дизельдің қымбаттауы да жағдайды ушықтырып жіберді. Ал шаруалар шығынға батпас үшін малдарын сатуға мәжбүр. Егер бұлай жалғаса берсе, мал басының өсуі баяулайды дейді. Сол үшін мемлекет барлық аймақта жем-шөпті субсидиялап, шаруалардың несие мерзімін шегеру керек дейді.

Азамат Әбілдаев, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:

Фермер қандай жағдайда несие бойынша төлемдерді кейінге қалдыруға, жедел өтінім беруге, сондай-ақ несиеге мақұлдау алуға болатынын түсінуі тиіс. Бұл мемлекетке ешбір қосымша қаражат шығынын келтірмейді. Аграрлық несие беру корпорациясы әрбір арыз берген шаруаның неиесін таңдаулы түрде емес, жаппай созу керек.


Хабарламаларға жазылу