Күдіктіге аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізу және сақтау бойынша айып тағылды. Есірткі қылмысына қарсы қызметкерлердің тінтуі кезінде 54 жастағы азамат өз еркімен төрт полиэтиленге оралған зат берген. Ал қызметтік-іздестіру иті ғимаратқа жапсарлас құрылыстардың ішінен екі пластмасса бөшке тапқан. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше тәркіленген заттардың есірткі екені анықталған. Марихуананың жалпы салмағы екі жарым келіге жуық. Қолға түскен күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, үстінен қылмыстық іс қозғалды.