Елімізде инфляция өсіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде инфляция өсіп жатыр

12.10.2021

Елімізде инфляция өсіп жатыр. Ұлттық банк төрағасының айтуынша ол қымбатшылық кесірінен өсуін жылдамдатып, 8,9 пайызға жеткен. Әсіресе 13 өңірде көрсеткіш нашар. Үкімет отырсында айтылған маңызды ақпаратпен тілелей байланысқа шыққан тілшіміз бөлісуге әзір. Қайыр күн Досжан. Инфляцияның жоғарлауына не себеп?

Досжан Маратұлы, тілші:

Иә бүгін үкіметте еліміздің 9 ай, яғни қаңтар-қыркүйек аралығындағы әлеуметтік экономикалық даму көрсеткіштері талқыланған болатын.

Ұлттық банк төрағасының айтуынша көкөністердің маусымдық арзандауына қарамастан инфляция бой берер емес. Өсіп барады. Қазір 8,9 пайызға жеткен. Бұған қант, жұмыртқа, тауық пен сиыр еті секілді әлеуметтік маңызы бар тауарлардың қымбаттауы әсер етіп жатыр. Дизель бағасының көтерілуі де жығылғанға жұдырық болды дейді.

Ерболат Досаев, ҚР Ұлттық банк төрағасы:

Қыркүйекте дизель отынына бағаның өсуі 3,8%-ті құрады, ал жекелеген облыстарда 10%-тен асты. Өндірістің өсуіне, сондай-ақ экспорттың тоқтатыла тұруына қарамастан, инфляциялық қысымды күшейтетін және басқа тауарларға жанама әсер ететін дизель отынының тапшылығы байқалады.

Десе де инфляцияға қарамастан экономикалық өсім қалпына келе бастады. Ұлттық экономика министрінің айтуынша жалпы ішкі өнімі 9 айда 3,4 пайызға өскен. Әсет Ерғалиев сөзінше карантинтік шектеулер жеңілдетілгелі барлық сала бойынша тұрақты өсім бар. Әсіресе өңдеу өнеркәсібі мен қызмет көрсету секторында алға жылжу байқалады.

Досжан Маратұлы, тілші:

Ал премьер-министр іскерлік белсенділікті одан әрі қалпына келтіріп, инвестициялар тарту жұмысын жалғастыру маңызды деді. Әрі бюджет қаражатын уақтылы игеруді тапсырды.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу