Президент инфляцияны тежеу шараларын сынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент инфляцияны тежеу шараларын сынады

19.04.2023

Инфляцияны тежеу бойынша жұмыстар мардымсыз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген кеңесінде атқарушы билікті осылай деп сынға алды. Азық-түлік бағасы соңғы 15 жылда болмаған деңгейде өсіп, ақпанда инфляция 21 пайыздан асып кеткен. Қымбатшылық шарықтау шегіне жетті, ал Үкіметтің әрекеті жеткіліксіз, деді Мемлекет басшысы.

Халықтың ай сайын жұмсайтын қаржысының жартысынан көбі азық-түлікке кетіп жатыр. Үкіметтің шектеу шаралары уақытша ғана әсер етеді, қиындықтан біржола құтылуға мүмкіндік бермейді, тіпті, мәселені ушықтырады, деді Президент.

Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы саласында да мардымды даму жоқ екенін айтты. «Ауыл шаруашылығы және өндіріс саласының дамуында нақты нәтиже жоқ. Азық-түлік инфляциясының басты себебі де – осында. Елімізде өндірілетін тауар көлемі ішкі сұранысты қамтамасыз етуге жетпейді. Импортқа тәуелдіміз, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Азамат Бейбітұлы


Хабарламаларға жазылу