Еуропада газ бағасының қымбаттауы аймақ елдері лидерлерін алаңдатып отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропада газ бағасының қымбаттауы аймақ елдері лидерлерін алаңдатып отыр

12.10.2021

Еуропада газ бағасының қымбаттауы аймақ елдері лидерлерін алаңдатып отыр. Өйткені, бұл жағдай қыста отын дағдарысына ұласып, «Қарт құрлықты» энергияға бай Ресейге тәуелді етуі мүмкін. Биыл Еуропада көгілдір отын 600 пайызға жуық қымбаттаған. Ал, қоймаларда газ көлемі былтырғыдан аз. «Газпром» болса, алдағы қыс қарлы да қаһарлы болады деп, газдың көбін экспортқа емес, Ресейдің өз ішінде қалдыратынын мәлімдеді. Кейбір болжамдарға қарағанда, «Газпром» мұндай шешімді Ресей газын Германияға Украинаны айналып өтіп тасымалдайтын «Солтүстік ағын-2» құбырын Еуропаға мақұлдату үшін қабылдап отыр. Алайда, Мәскеу бұны жоққа шығарды. Айта кетсек, Еуропа өзіне қажетті газдың 90 пайызын шетелден импорттайды.


Хабарламаларға жазылу