Жанармай бағасының қымбаттауы коммунистерді алаңдатып отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жанармай бағасының қымбаттауы коммунистерді алаңдатып отыр

04.09.2020

Елімізде жанар-жағармайдың қымбаттауы азық-түлік бағасының шарықтауына әкеп соғады. Бұл мәселе бүгін Қазақстан коммунистік халық партиясының Қарағанды филиалында талқыланды. Жиынға қатысқан белсенділер мен партия мүшелері жыл сайын жанармай акциздерінің екі мәрте көтеріліп, ізінше тамақ өнімдерінің қымбаттайтынын айтады. Жиын барысында қатысушылар осы үдерісті тоқтату бағытында өз ұсыныс-пікірлерін жергілікті билік өкілдеріне жеткізді. 

Александр Зевахин, Қазақстан коммунистік халық партиясы облыстық филиалының бірінші хатшысы:

- Елімізде биыл да жанармай қымбаттады. Соның салдарынан әлеуметтік азық-түлік те шарықтады. Халық карантинде болғандықтан, көбі табыссыз отырды. Сондықтан бағаны негізсіз көтеруді қою керек. Біз осыған алаңдап мәселені көтердік. 

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу