Келесі жылы елімізде жұмыртқа қымбаттауы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Келесі жылы елімізде жұмыртқа қымбаттауы мүмкін

12.10.2021

Келесі жылы елімізде тауық жұмыртқасы қымбаттап, он данасының бағасы 700 теңгеге дейін өсуі мүмкін. Мұндай болжамды осы саладағы сарапшылар жасады. Олар мұның басты себебін субсидиямен байланыстырып отыр. Бұрын отандық құсфабрикалары әрбір жұмыртқа үшін мемлекеттен 3 теңге демеу қаржы алатын. Биыл субсидия көлемі екі есеге азайған. Ал келесі жылы мүлде болмауы мүмкін. Жем мен жанармайдың қымбаттауы, былтыр құстардың тұмаудан қырылып қалуы жұмыртқа бағасының өсуіне онсыз да әсер еткен. Қазір еліміздегі құс фабрикалар жұмыртқаның 10 данасын кемінде 350-400 теңгеден сатып жатыр. Ал дүкен сөресінде бұл баға одан да жоғары.


Хабарламаларға жазылу