Келесі айдан бастап пәтерақы қымбаттауы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Келесі айдан бастап пәтерақы қымбаттауы мүмкін

24.07.2023

Ал келесі айдан бастап пәтерақы сәл қымбаттауы мүмкін. Жылжымайтын мүлік федерациясының басшысы осындай болжам жасады. Ермек Мүсіреповтың айтуынша жаңа оқу жылының басталуына байланысты нарықта жылдағыдай дүрбелең болады. Десе де пәтер ақысы айтарлықтай қымбаттамайды деген пікірде. Өйткені баға онсыз да жоғары дейді Мүсірепов.

Ермек Мүсірепов, Жылжымайтын мүлік федерациясының басшысы:

Тамызда студенттердің қалаға оралуы жылжымайтын мүлік нарығының белсенділігін 20% арттырады. Бұл бағаға сәл әсер етуі мүмкін. Мәселен Алматы мен Астанада 1 бөлмелі пәтерлерді жалдау ақысы 180-240 мың теңгенің аралығында болады.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу