Жазғы дизель отыны шамамен 4 процентке қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жазғы дизель отыны шамамен 4 процентке қымбаттады

08.10.2021

Жазғы дизель отыны шамамен төрт процентке қымбаттады. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, жанар-жағармайдың бұл түрі қыркүйекте орташа есеппен 206 теңгеден сатылған. Тамыз айымен салыстырғанда баға өскен. Жалпы дизель бір жылда 20,5%-ке қымбаттады.

Жанар-жағармай әсіресе Петропавловлда шарықтады. Литрі 223 теңгеге сатылған. Ал Түркістанда әзірге дизельдің бағасы 200 теңгеден аспады. Мамандардың пікірінше, дизельдің қымбаттауына ішкі нарықтағы өнім тапшылығы әсер еткен. 

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу