«Союз МС-07» ғарыш кемесінің капсуласы жексенбі күні Жезқазған маңына аман-есен қонды. Оның бортында 55-ші экспедиция мүшелері – «Роскосмос» ғарышкері Антон Шкаплеров, НАСА астронавты Скотт Тингл және жапондық ғарышкер Норишиге Канаи болды.
Олар 168 күн бойы ғарыш кеңістігінде микрогравитацияның сүйек кемігіне ықпалын және өсімдіктердің ғарыштағы өсу процесін зерттеген.
Мадина РАХЫМБЕК