Шымкентте 400 мың шаршы метр баспана мен 5 емдеу орны салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте 400 мың шаршы метр баспана мен 5 емдеу орны салынды

08.10.2021

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясында ұстаздардың орташа жалақысы 330 мың теңгеден асады. Шымкентте саяси ұйымның мүшелерімен кездескен партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек осылай деді. Саяси кеңестің кеңейтілген отырысы қарсаңында Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша өңірлерге сапар жалғасуда. Шымкент әкімі Мұрат Әйтеновтің сөзінше қалада 400 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй, 5 емдеу мекемесі мен 115 спорт алаңы пайдалануға берілді. 250 мыңдай тұрғында электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында «Бозарық» қосалқы станциясы салынған. Газ тарату станциясының да құрылысы аяқталуға жақын. Ол шалғай елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз етеді. 14 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды.

Бауыржан Байбек, «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:
Елбасы тапсырмасы бойынша өңірлерді аралап, жергілікті бюджеттен ақша бөлінді ме, осы әмселелер қалай орындалып жатыр, біз нақты істер партиясы ретінде оны орындауға тырысып жатырмыз. Прездиент қолдауда. Халықтың саны артып келе жатыр. Шымкентте 25 мектеп іске қосылды. 

Хабарламаларға жазылу