Ресейде 17 адам контрафактілік алкоголь өнімдерінен қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде 17 адам контрафактілік алкоголь өнімдерінен қайтыс болды

08.10.2021

Ресейдің Орынбор облысында 17 адам арақтан уланып қайтыс болды. Тағы 33 адам ауруханада жатыр. Құрамында таза метанол, яғни у бар ішімдікті Орынбор облысының 29 жасар тұрғыны жасырын цехта дайындаған. Контрафактілі ішімдік сақталған қойма анықталып, 1300 шыны арақ тәркіленді. 2016 жылы да Иркутск облысында осындай жасырын әзірленген ішімдіктен 76 адам қайтыс болған еді.

Индира Бегайдар


Хабарламаларға жазылу