Ресейде инфляция деңгейі 5-жылдық рекордты жаңартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде инфляция деңгейі 5-жылдық рекордты жаңартты

08.10.2021

Ресейде инфляция бірнеше айдан бері көтеріліп барады. Ал, қыркүйекте оның деңгейі 5-жылдық рекордты жаңартып, 7 жарым пайызға жақындаған. Көрші елде 2016 жылдан бері баға мұнша жылдам өспепті.

Экономистердің айтуынша, осындай жағдай бүгінде Ресейге ғана емес, әлем экономикасына да тән. Яғни, өзге елдерде де түрлі төлемдер мен жеңілдетілген несие беру қарқын алып, өндіріс оған ілесе алмай отыр. Сонымен қатар, кейбір мемлекеттердің валюталарымен бірге рубль де әлсіреп, қымбатшылыққа себеп болуда.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу