Павлодар облысында жыл басынан бері 145 сәби індетке шалдықты. Жалпы өңірде коронавирустың балалар арасында тез таралып жатыр. Биылғы оқу жылында мектеп жасындағы 758 оқушы инфекция жұқтырған. Соның салдарынан 136 мектепте 512 сынып карантинге жабылды. Дәл қазіргі уақытта 82 мектепте 174 сынып сабақты онлайн оқып жатыр. 91 мұғалім ауырып қалған. Күн сайын стационарға 100-ге тарта адам жатқызылады. Жыл басынан бері 500 ге тарта жүкті әйел коронавирус жұқтырған. Облыс әлі «қызыл аймақта». Ал балалардың біреуі екі айдан бері жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы әлі де ауыр.
Болат Аманбаев