Жаңаөзенде көпқабатты тұрғын үй құрылысы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңаөзенде көпқабатты тұрғын үй құрылысы басталды

08.10.2021

Жаңаөзен қаласындағы Рауан шағын ауданында 160 пәтерлік 2 тұрғын үй салынып жатыр. Құрылыс басында 70-тен астам жұмысшы еңбек етуде. Жоба-«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында қолға алынды. Тұрғын үй баспана кезегіндегі тұрғындарға ипотекалық несиеге берілмек.
Мұрсатбай Әбдіров, Жаңаөзен қалалық құрылыс бөлімінің сектор меңгерушісі:
Бірінші рет бұл ұлттық қордан бөлініп, қаражатқа салынып жатқан. Млрд бөлінді. Қазір осваевать етіп жатырмыз. Келесі жылдың тамыз айында және аяқтауымыз керек. 
Тағы бір жағымды жаңалық, биыл Жаңаөзенде былтырғы жылға қарағанда кәсіпкерлер саны 200 ге артты. Қазір қалада 8400 ге жуық іскер топ өкілі бар. Бұған кәсіпкерлікті қолдауға арналған мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар ықпал еткен. Мәселен, тек «Еңбек» бағдарламасы арқылы 29 кәсіпкерге 270 млн-ға жуық демеуқаржы берілді.

Хабарламаларға жазылу