«Самұрық-Қазына Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның қарызы азайып, өндірісі артқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Самұрық-Қазына Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның қарызы азайып, өндірісі артқан

14.11.2019

«Самұрық-Қазына Ұлттық әл-ауқат қорының» қарызы азайып, өндірісі артқан. Бұл туралы бүгін Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен қорды басқару жөніндегі кеңесте айтылды. Жиында осы жылдың мамыр айында берілген тапсырмалардың орындалу барысы тыңдалды. Сондай-ақ, болашақта атқарылатын жобалардың жайы талқыланды.

«Самұрық-Қазына Ұлттық әл-ауқат қорының» ел экономикасы үшін орны орасан. Қордың көтерген жүгі де ауыр. Цифрлық технологияларды қолдану арқылы біраз шығын кеміпті. Қазіргі есеп бойынша 60 миллиард теңге үнемделді.

Жалпы, қордың таза табысы 268 миллиард теңгеге жетіп, оның 70 пайызын мемлекетке берді. Былтырғымен салыстырғанда екі есе көп. Ақшалай алғанда пайда 5 есе артқан.

«Самұрық-Қазына» активтерді көбейтіп, ұлттық компаниялардың ілгерілеуіне басымдық бермек. Мұнай-газ және химия саласында тиімсіз учаскелерде кен игерудің жаңа механизмдерін енгізу қажет. Осылайша, мол өнім алуға жұмыс жүргізілу керектігін тапсырды Елбасы.

Қор компанияларының акцияларын ІРО-ға шығару сұрақтары да талқыланды. Сондай-ақ сатып алулардың пайдалы тұстарын таразылау тапсырылды.

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу