Иранда жасы 12 мен 18-дің арасындағы оқушыларға екпе салына бастады. Осылайша, елде коронавирусқа қарсы вакциналау науқаны балалар арасында да жүргізіліп жатыр. Білім саласы өкілдерінің сөзінше, жеткіншектерді иммундауға ешкім мәжбүрлеп отырған жоқ. Вакцина алмаған шәкірттердің сабаққа кіруіне де тосқауыл қойылмайды. Ислам Республикасында халықты иммундау жұмыстары өткен айың соңында күшейтілді, шамамен 26 пайыздай тұрғын екпе алған.
Арыстан Рысбек