Германияда 100 жастағы бұрынғы сақшыға қатысты сот процесі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Германияда 100 жастағы бұрынғы сақшыға қатысты сот процесі басталды

07.10.2021

Германияда 100 жастағы бұрынғы эс-эс сақшысы Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін 76 жыл өткенде сот алдында жауап бере бастады. Ол концлагерде 3518 адамды өлтіруге көмектескен. Дәлірек айтсақ, Йозеф С. есімді азамат Берлин маңында советтік тұтқындарды атуға және өзгелерді Циклон-Б газымен улауға қатысты.

Сотқа мүгедек арбасымен барған Йозеф 21 жасында күзет қызметіне кіріскен. Соғыстан кейін ол Бранденбург ауданында слесарь болып жұмыс істеді. Оған қатысты процесс қаңтарға дейін жалғасады деген болжам бар.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу