Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет басшысы Асқар Маминді қабылдады. Елдегі эпидахуал, астық жинау науқаны, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік құнын тұрақтандыру, инвестиция тарту сынды өзекті мәселелер туралы есебін тыңдады. Премьердің сөзінше коронавирус жұқтыру көрсеткіші 1,7 есеге азайған. Екпенің бірінші компонентін 7,7 миллион адам алса, екінші компоненті 6,7 миллион адамға салынған. Жуырда Pfizer вакцинасының 4 миллион дозасы жеткізіледі. Сондай-ақ шетелден тікелей тартылатын инвестиция көлемі 30 миллиард АҚШ долларына жетеді деп жоспарланған.