Көкшетауда қоқыс шығаратын полигон жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетауда қоқыс шығаратын полигон жоқ

07.10.2021

Көкшетауда қоқыс шығаратын мекемелер заңсыз жұмыс істеуге мәжбүр. Себебі қалада қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын полигон жоқ. Сондықтан қалдықтар рұқсаты жоқ ескі полигонға тасталып жатыр. "Көкше-Тазалық" мекемесінің директоры 15-інші қазаннан бастап, қаладан қоқыс шығаруды тоқтатамыз деп мәлімдеген еді. Яғни, сот осындай шешім шығарған. Экологтар да мәселенің оң шешілуін талап етіп отыр. Жаңа полигон салу үшін уақыт керек, әрі қомақты қаржыны талап етеді. Қазір жаңа нысанның тек құжаттары әзірленуде. Ақша бөлінген күннің өзінде қатты қалдықтар полигоны тек 2024-інші жылы пайда болуы мүмкін. .

Олег Топорков, «Көкше-тазалық»  серіктестігінің директоры:

Жергілікті атқарушы орган жұмысты жалғастыра беруімізді сұрап отыр. Қызметімізді тоқтатсақ, Көкшетау қоқыстың құрсауында қалатынын біз де түсінеміз. Алайда, сот ескі полигонға қоқыс шығаруды тоқтату туралы шешім қабылдады. Біз бірнеше жылдан бері проблеманы барлық жауапты мемлекеттік мекемелерге айтып келеміз, бірақ нәтижесіз.

Бауыржан Ғайса, Көкшетау қаласының әкімі:

Бұл мәселе шешілмей тұр Құжаттарын дайындауға бірнеше жыл кетті. Жоба жарамсыз болып, қайта жасалды. Қазір біз қоқыс шығаруға уақытша орын табуымыз керек. Осы бағытта жұмыс істеп шешім қабылдаймыз. Тағы бір мәселе-тариф жайы. Ол да қаралады.Ал қаладан қоқыс шығару тоқтамайды .

Ермек Елбергенов

Хабарламаларға жазылу