Қылмыстық топ мемлекетке 10 миллиард теңгеден астам зиян келтірген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қылмыстық топ мемлекетке 10 миллиард теңгеден астам зиян келтірген

07.10.2021

Шығыс Қазақстанда мемлекетке 10 миллиард теңгеден астам зиян келтірген қылмыстық топ ұсталды. 6 адам 2014-2018 жылдар аралығында 30 фирма құрып, жалған шот-фактураларды жазып берумен айналысқан.

Қағаз жүзінде ғана болған компаниялардың штаты, мүлкі, өндірістік-техникалық базасы да болмаған. Бухгалтерлік есеп және салық есебі жүргізілмеген. Кәсіпорындарды басқа үш компания салықтан жалтару мақсатында тауарсыз шот-фактура, жүк құжат және шарттарды заңсыз жазып беру үшін пайдаланған. Сот үкімімен қылмыстық топ мүшелері бас бостандығынан айырылды.

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу