Жарнамалар мен әртүрлі маңдайшалардағы көрнекі ақпарат мемлекеттік тілде дұрыс жазылуы тиіс. Бүгін мәжіліс жарнамаларды қазақ тілінде жазуға қатысты заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Қазақ тіліндегі сауатсыз жазылған мәтін, тіпті қазақ тіліндегі мәтіннің мүлде болмауы сайлаушылар тарапынан жиі айтылады деді депутат Берік Әбдіғали. Сондықтан заң жобасында бірнеше түзетулер енгізілген. Атап айтсақ, географиялық объектілердің қалыптасқан қазақ атауларын, мемлекеттік емес ұйымдардың бланкілері мен маңдайшаларын, жол белгілеріндегі жазбаны, хабарландырулар, баға көрсеткіштерін мен ас мәзірін мемлекеттік тілде жазу, қажет болған кезде ғана орыс немесе басқа да тілдерде жазу көрсетілген.
Берік Әбдіғали, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:Бұл түзетулер қоғамда жиі көтерілетін қазақ тілінің мәртебесі мәселесін шешуге бір қадам жақындатып, әр азаматтың, әсіресе кәсіпкерлердің жауапкершілігін күшейтуге мүмкіндік береді.
Саламат Омаш