Бұл туралы «G-Global» халықаралық хатшылығының басшысы мәлімдеді. Ұйым жылдық жұмысын қорытындылап, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін, мемлекеттік, қоғамдық ұйым өкілдерін, марапаттады. Биыл «G-Global» «ЭКСПО» көрмесінің өткізілуіне елеулі үлес қосты. «Жасыл» технологиялардың Қазақстандағы қолданысын әлемге таныстырды. Ұйым 3 жыл ішінде 4 мыңнан астам шара өткізген. Оның 200-ін шетелде ұйымдастырды. Ал, Ақмола облысы, Арнасай ауылындағы жылыжай технологияларының қолдану әдісіне сол елді мекеннің 70 пайыз тұрғыны үйренген.
Серік Нөгербеков, «G-Global» халықаралық хатшылығының басшысы:
- Қазақстандағы ең бірінші «Жасыл ауыл» деген үлкен жобаны жүзеге асырдық. «Жасыл» технологиялардың дамыту орталығын аштық. Осы орталықта 40-тан астам технологияларды жүзеге асырдық. 7 мыңнан астам Қазақстан азаматын оқыттық.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ