Астанаға «жасыл технологиялар» шеруі келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанаға «жасыл технологиялар» шеруі келді

05.06.2017

Күн энергиясынан қуатталатын электрлі велосипед немесе сутегі генераторы. Бүгін Астанаға «Болашақ энергиясы» атты халықаралық экошерудің қатысушылары келді. Бес күн бұрын Бішкекте басталған шеру Алматы, Балқаш, Қарағанды арқылы Астанаға жетті. Шараның мақсаты - отандық ғалымдардың жасыл энергетика саласындағы жобалары мен ЭКСПО көрмесінің басты тақырыбын насихаттау.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу