Қытай мен Тайвань арасындағы әскери шиеленіс күшейіп барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытай мен Тайвань арасындағы әскери шиеленіс күшейіп барады

06.10.2021

Қытай мен Тайвань арасындағы әскери шиеленіс соңғы 40 жылдағы ең жоғары деңгейге көтерілді. Мұны Тайвань үкіметі бүгін мәлімдеді. Оның дерегінше, Қытай бұл аралға 2025 жылы үлкен күшпен басып кіруі мүмкін.

Тайванның басқа бір мәліметінше, қазанның 1-нен бері Қытай ұшақтары оның әуе кеңістігіне 146 мәрте енген. Тайвань тәуелсіз мемлекетпін десе, Қытай оны өзінен бөлініп кеткен провинция санайды.

Айта кетсек, өткен тәулікте АҚШ президенті Джо Байден мен Қытай басшысы Си Цзиньпин телефон арқылы сөйлесіп, Тайваньмен жасалған келісімдерді сақтауға уағдаласты.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу