Парижде жұмысшылар шеруі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Парижде жұмысшылар шеруі өтті

06.10.2021

Парижде жұмысшылар шеруі өтіп, оған жүздеген адам қатысты. Кәсіподақтар ұйымдастырған акция кезінде демонстранттар жұмыс істеуге жағдай жасауды және лайықты айлық төлеуді талап етті. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, осы манифестация салдарынан атом электр станцияларының алты реакторынан энергия тарату мөлшері азайған. Айта кетсек, бүгінде Еуропадағы энергетикалық дағдарыс Францияға да кері әсер етіп отыр. Мұнда да электр қуаты, газ және жанармай қымбаттап, инфляцияны күшейтіп, еңбекақының құнын төмендете бастаған.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу