Жыл соңына дейін ет пен жұмыртқа қымбаттауы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жыл соңына дейін ет пен жұмыртқа қымбаттауы мүмкін

05.10.2021

Ал жыл соңына дейін елімізде жұмыртқа мен еттің бағасы күрт қымбаттауы мүмкін. Ет одағы төрасының айтуынша қазір фермерлер 1 келі сиыр етін көтерме баға 1800 теңгеден беріп жатыр. Бұл арзан. Өйткені жемнің жетіспеушілігіне байланысты өндірушілер ет бағасын түсіріп отыр дейді. Десе де қарашаның соңында бұл мәселе шешілген бойда баға аспандайтынына сенімді. Еттің көтерме бағасы келісіне 300-400 теңгеге қымбаттайды дейді. Сондай-ақ жұмыртқа бағасы да көтерілмеді деген болжам бар. Кәсіпкерлердің айтуынша бұған астық бағасының өсуі әсер етпек.

Максим Божко, жұмыртқа өндірушілер қауымдастығының басшысы:
Қазір фабрикаларда он жұмыртқа шамамен 350-360 теңге тұрады. Бағалар жазда өнімге сұраныс төмендеп, өндірушілер шығынға ұшыраған кезде 200 теңгеге дейін төмендегеннен кейін қалпына келді. Қазір бидай қымбаттауда. Сондықтан жұмыртқалардың да бағасы көтеріледі. Оның қаншалықты өсетінін нақты айта алмаймын.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу