Көкшетауда тұрғын заңсыз қару жасаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетауда тұрғын заңсыз қару жасаған

05.10.2021

Көкшетаудың тұрғыны қаруды заңсыз жасады деген күдікке ілінді. Оның үйін тінту барысында полиция қызметкерлері атыс қаруын тапқан. 39 жасар ер адам оны спорттық тапаншаға қосымша өзгерістер енгізу арқылы әзірлегені анықталды. Үйден барлығы 6 тапанша мен 1 револьвер тәркіленді. Күдіктінің үстінен іс қозғалды. Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.


Хабарламаларға жазылу