Ақтауда тапа-тал түсте екі азаматты күрекпен ұрып, күш көрсеткендер ұсталды. Бейнежазбада бірнеше ер адам жерде жатқан азаматтарды аяусыз соққыға жыққан. Қоғамдық тәртіпті бұзғандар дереу полиция басқармасына жеткізілді. Бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Аягөз Оралбайқызы