Діни конфессиялардың жиыны бейбіт өмір сүруге серпін береді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Діни конфессиялардың жиыны бейбіт өмір сүруге серпін береді

04.10.2021

Бүгін әр түрлі конфессиялардың өкілдері дінаралық татулықта Қазақстанның рөлін ерекше атап өтті. Алдағы күндері өтетін жахандық дін басыларының хатшылығында әлемде болып жатқан соғыстар мен жанжалдарды алдын алу жолдары қарастырылмақ. Ең бастысы, бір-біріне түсіністікпен қарап, өзге мәдениеттерді сыйлау дейді Елордаға келген меймандар.
Рудракша Сакрикар, Үнді мәдениетін оқу орталығының доценті: (Үндістан)
Біздің елімізде де әр түрлі дін өкілдері достықта өмір сүріп, түрлі діни практикаларды ұстанып жүр. Бірақ біз бірге тұрамыз. Осы тұрғыда мен татулықта өмір сүріп жатқан Қазақстан азаматтары сияқты басқа мемлекеттерг де ақ гүлдер мен көк гүлдер араласқан букет сияқты сыйымды болып, тату-тәтті өмір сүрсе екен деймін.
Назир Мохаммед, Әл Назир Аяд, Ислам зерттеулер академиясының хатшысы: (Египет)
Әлемнің төрт тарапынан келген әлем дінбасшыларының бір топта жиналуы, әлемдік мәселелердің шешім табатынына ықпал етеді. Бұл конференциялар адамзаттың мәселесін шешіп қана қоймай, адамзатты жаңа шыңдарға жеткізеді деп сенемін. 
Ламбриан Топузидис

Хабарламаларға жазылу