Ең төменгі зейнетақы күнкөріс минимумының 70 пайызын құрайтын болады - министрлік
Елде зейнетақының ең төменгі мөлшерін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызынан 70%-на дейін өсіру қажет. Еңбек министрлігі зейнетақы жүйесін жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына түзетулер әзірлеп, осындай ұсыныс енгізді. Сонымен бірге онда зейнетақы мөлшерін шектеуді алып тастау туралы жазылған. Мәселен, қазір 33 жылдық қызмет өтіліне 1 ең төменгі күнкөріс деңгейі ең жоғары шектеу деп есептеледі. Құжатта тұрғындар үшін зейнеткерлікке шығуды «кейінге шегеру» құқығы қарастырылған. Мамандардың айтуынша, бұл болашақта ең төменгі кепілдендірілген зейнетақыны жоғары мөлшерде алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, 2023 жылдан бастап жұмыс берушілер қызметкерінің пайдасына міндетті 5% зейнетақы жарнасын аударады.
Ақерке Бектас
Автор
Ақерке Бектас
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Егемендік декларациясы - жаңа реформалардың негізі
23.10.2025, 20:57

«Жүректен жүрекке» өнер фестивалі жас таланттарға қанат бітірді
23.10.2025, 20:48
«Агробизнес»: «Аграрлық несие корпорациясы» қаржылай қолдау көрсетеді
23.10.2025, 20:30
«Талдықорған-Үшарал» магистралді газ құбырының құрылысы аяқталды
23.10.2025, 20:30
Ипотекалық бағдарламалар қайта ашылады
23.10.2025, 20:30
Егемендік декларациясы – жаңа реформалардың негізі
23.10.2025, 20:30
Ақтөбеде жастар саябақты тазалады
23.10.2025, 20:30
«Хабар» агенттігіне – 30 жыл!
23.10.2025, 20:30