Қазақстандағы әрбір екінші адам қосымша жұмыс істейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандағы әрбір екінші адам қосымша жұмыс істейді

03.10.2021

Біз кедейлік туралы айтқанда ылғи ең төменгі жалақы, азық-түлік себеті сияқты бәрібір там-тұмдап көбейетінді ғана айтамыз. Ал шын мәнінде біздің еліміздегі кедей мен орта тап айырмасы қандай? Орта тап деп жүргеніміз кедейліктің бейнелеп айтқанда «шүкір» деген сатысындағылар емес пе? Басты сауал - біздің еліміздегі орта тап туралы критерий қандай?

Мысалы, Швейцарияда орта тапқа жылдық табысы 73 мың доллардай адам жатады. АҚШ-та 50 мың. Қытайда 28мың. Бізде ше? Жаңа айтып отырғанымыздай, бізде орташа дәулетті дегеніміз пәтері бар, тұрақты айлығы бар, бірақ бәрібір кредит алмаса жетпейтіндер емес пе?

Сонымен бірге Ресейдің жоғары экономика мектебінің эксперттері пандемияның кесірінен көп адамның кедейлік қамытын кигенін айтып отыр. Бұл негізі ғылыми тұжырымсыз -ақ белгілі нәрсе.Тек біздің елімізде осындай кешенді зерттеулер жүргізілмейтіні өкінішті. Біз азаматтарымыздың әл-ауқатына орай шынайы ақпарды білмейміз. Кедейдің көп екенін білеміз, болды. Соған сәйкес әлеуметтік саясат та қиқы-жиқы дейді Оңғар Алпысбайұлы сөйлескен мамандар. Мәселенің кейбір қырына тоқталады.


Хабарламаларға жазылу