Трамп пен «Талибан» келісімі ауған үкіметінің құлауына жол ашқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Трамп пен «Талибан» келісімі ауған үкіметінің құлауына жол ашқан

30.09.2021

Өткен айдың ортасында Ауғанстан үкіметінің құлауына Трамп әкімшілігі мен «Талибан» қозғалысы жасаған пәтуа себепші. Мұны АҚШ Қорғаныс министрлігінің басшылары Конгресстің өкілдер палатасының Әскери қызмет комитетіне берген есебінде мәлімдеді. Айта кетсек, Американың бұрынғы әкімшілігі «Талибанмен» келісімге 2020 жылы ақпанда Катар астанасы Дохада қол қойды.

Пентагон басшысы Остин Ллоидтың сөзінше, екі жақты уағдаластық тәліптерге рух беріп, оларды шабуылдарды үдетуге жетелесе, Ауғанстан армиясын апта сайын көптеп адам жоғалтып, күйреуге әкеп соққан. Ал, генерал Франк Маккензидің мәлімдеуінше, аталған келісім ауған үкіметіне психологиялық қысым да жасады. Өйткені, онда Батыс мемлекеттерінің Кабулге көмектесуі тоқтайтын күн көрсетілген.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу