Қасым-Жомарт Тоқаев Surbana Jurong тобының бас директоры Вонг Хеанг Файнды қабылдады. Кездесуде Алматы агломерациясын дамыту бойынша инвестициялық жобалар талқыланды.
Сингапурлық компания отандық инвесторлармен бірлесіп, Алматы облысындағы «G4 City» деп аталатын жаңа төрт cпутник қала құрылысын жүргізбек. Қазіргі уақытта жобаны іске асыру жөніндегі жол картасы мен Мастер-жоспар әзірленген. Жол картасында қала құрылысының құжаттарын дайындау, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылым, қолайлы инвестициялық климат қалыптастыру мәселелері қамтылған.
Альбина Әшім