Құқық қорғау органына жүгінгендер нені білуі тиіс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құқық қорғау органына жүгінгендер нені білуі тиіс

24.09.2021

Жыл басынан бері Нұр-Сұлтанда полиция органдарына 170 мыңнан астам адам арызданды. Оларды қарастыру нәтижесінде 13 мыңға жуық қылмыстық іс тіркелді. Құқық бұзушылық туралы шағымымен полицияға жүгінген әр азамат білуге тиісті бірнеше тұстар бар -дейді, прокурорлар. Кезекші бөлімдегі полицейлер сізден арызды қабылдаған соң, міндетті түрде арнайы нөмірленген талон беруі тиіс. Онда өтінішті қабылдаған қызметкердің деректері, тіркеу нөмірі, органның атауы, қызметтік телефоны секілді ақпараттар жазылады. Егер, қандай да бір себеппен кезекші талон бермесе, арызды есепке алу кітабына тіркейді. Арыздың дұрыс қабылданғанына сенімді болу үшін арнайы нөмірді жазып алыңыз дейді, прокурорлар. Ол болашақта сіздің өтінішіңізді іздеу үшін қажет.

 Ақыл Қарпықбаев, ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті басқарма бастығының орынбасары:
Құқық қорғау органдары азаматтардың өтінішін қабылдаудан бас тартуы заңсыз. Бұл үшін қызметкерқатаң тәртіптік жазаға тартылуы мүмкін. Құқық қорғау органдары арызды қабыл алып, тіркеуі тиіс. Азаматтардан өтінішті алған кезде, қызметкер алынған өтінішті қабылдау және тіркеу туралы талон-хабарлама беруге міндетті. 

Ғабит Бөкенбай

Хабарламаларға жазылу