Келер жылы көктемде баспана бағасы 20-30 пайызға дейін қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы құрылысшылар одағының төрағасы айтып отыр.
Талғат Ерғалиев бұған құрылыс материалдарына кететін шығынның артуы себеп дейді. Айтуынша үй салуға қажетті материалдардың бағасы биыл 60-тан 90 процентке дейін шарықтаған. Әрі оның жартысына жуығы өзімізде өндірілмейді. Шетелден әкелеміз. Сол үшін құрылыс компанияларының табысы азайған дейді. Десе де баға бірден көтерілмейді. Аз-аздан қосылып, көктемге қарай 20-30 пайызға қымбаттайды деп болжап отыр.
Досжан Маратұлы