Күзгі дала жұмыстары мен жем-шөп дайындауға жеңілдетілген бағада 440 мың тонна дизель отыны бөлінді. Бұл туралы Энергетика министрлігінің өкілдері мәлімдеді. Литрі 159 теңгеден өткізілетін дизель отыны жеткізу мен сақтау шығындарын есептегенде 175-180 теңге шамасында болады. Бүгінде Қазақстандағы сұйық отынның құны көрші елдерге қарағанда арзан, - дейді департамент өкілдері. Мысалы, Ресеймен салыстырғанда 90 теңгеге, Өзбекстандағы бағадан 77 теңгеге төмен. Ал Қырғызстанмен салыстырғанда 60 теңгеге арзан.
Бауыржан Сәлімгереев, ҚР Энергетика министрлігі мұнайды тасымалдау және өңдеу департаментінің директоры:20 қыркүйектегі жағдай бойынша, өңірлерге 282 мың тонна дизель отыны жөнелтілді. Қазанда 28,5 мың тонна жіберу жоспарланған. Мұнай өңдеу зауыттарынан дизель отынын тиеу-жөнелту жұмыстарын Энергетика министрлігі қатаң бақылауда ұстап отыр.
Дарын Сағитов