Республикалық бюджетті Атыраудың ақшасымен толтыруды азайту керек. Өңірдегі әлеуметтік проблемаларды шешу үшін сенаторлар осындай ұсыныс айтты. Атырау облысының жылдық кірісі – 416 млрд 8 млн теңге. Соның 53 проценті, демек 221 млрд теңгеден аса қаржы мемлекеттік бюджетке құйылады. Депутаттар өңірдің өзіне ақша жетіспеген соң маңызды жобалар іске аспай отырғанын айтады. Мәселен, жол, тұрғын үй салу, апатты мектептер мен газдандыру проблемасы әлі толық шешілмеген.
Ақерке Бектас