Алматыдағы атыс: Күдікті сотты жабық өткізуді сұрады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы атыс: Күдікті сотты жабық өткізуді сұрады

23.09.2021

5 адамды атқан Игорь Дужновтың адвокаттары сотты жабық өткізуді сұрады. Олар мұны күдікті мен оның отбасының қауіпсіздігімен байланыстырады. Алайда сот бұл өтінішті қанағаттандырмады. Қорғаушы судьяны ауыстыру туралы да өтініш түсірген. Прокурорлар Дужновты екі айға қамауды сұрап отыр. Еске салайық, 20 қыркүйекте Алматыдағы Ақбұлақ ықшамауданында Игорь Дужнов сот шешімін орындатуға келгендерге оқ атқан. Бес адам - екі полиция қызметкері, бір сот орындаушы және үйдің жаңа иесі мен оның досы қаза тапты. Оқиғаға байланысты «Адам өлтіру» және «Билік өкіліне күш қолдану» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу