Ақтауда «Каспий» және «Астана» футбол командаларының ойыны жанжалға ұласты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда «Каспий» және «Астана» футбол командаларының ойыны жанжалға ұласты

23.09.2021

Ақтауда «Каспий» және «Астана» футбол командаларының ойыны жанжалға ұласты.

Футбол «Мұнайшы» стадионында өтті. Матчтың нәтижесіне көңілі толмаған Ақтаулық «Каспий» командасының 2 жанкүйері алаңға жүгіріп шығып, ентелеп қазылар алқасына бармақ болған. Полицейлер оларды дереу алаңнан шығарып жіберді. Бірақ тәртіпсіздік мұнымен бітпеді. Олар стадионның сыртына жиналып, ойынның нәтижесіне қарсылық білдірді. Тәртіп сақшылары 5 белсендіні бөлімшеге алып кеткен соң ғана наразы топ тараған.

Аягөз Оралбайқызы



Хабарламаларға жазылу